00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еуропа лигасы: «Астана» өз алаңында «Лудогорецті» жеңді

Еуропа лигасы: «Астана» өз алаңында «Лудогорецті» жеңді
Фото: ашық дереккөз

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Астана» мен «Лудогорец» кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Қос команда арасындағы ойын тартысты өтті. 

Астанада өткен алғашқы ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Есепті 34-минутта болгариялық клубтан Ноа Сундберг ашты. Ойынның 40-минутында елордалық клубтан Жарко Томашевич таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңде «Астана» футболшысы Александр Марочкин шешуші голды соқты. 

Айта кетейік, қарымта ойын бір аптадан кейін Болгарияда өтеді.