ЕУРО-2024: Ұлттық құрама іріктеу кезеңінде рекорд орнатуы мүмкін
Футболдан Қазақстан құрамасы 17 жылдан кейін ресми ойындарда Финляндияны алғаш рет жеңді, деп хабарлады Elorda.info.
ЕУРО-2024 турниріне іріктеу кезеңінде Хельсинки қаласында өткен ойында жерлестеріміз қақпаларына алғаш гол жіберсе де, екінші таймда Бактиер Зайнутдинов екі голмен жауап қатты.
Финляндия – Қазақстан 1:2
Голдар: Роберт Тейлор, 28 (1:0), Бактиер Зайнутдинов, 77 пенальти (1:1), Бактиер Зайнутдинов 89 (1:2).
Ұлттық құрама осыған дейінгі 8 ойында 9 ғана гол жіберді. УЕФА қауымдастығына өткелі бері ең аз голды ЕУРО-2020 іріктеу турнирінде (17 гол) жіберіпті.
Сондай-ақ, біздің құрама іріктеу кезеңінде гол соғудан рекордты жаңартуы мүмкін. Әзірше 12 гол соқты. Бұған дейін ЕУРО-2020 іріктеу турнирінде 13 гол соққан.
Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде ұпай жинаудан рекорд (15 ұпай) орнатты. Бұған дейін 2002 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Азия құрлығында 14 ұпай жинаған еді.
Біздің жігіттер УЕФА сапында сырт алаңда өткізген ойындарында алғаш рет 3 мәрте жеңіске жетті.
Сан-Марино – Қазақстан 0:3;
Солтүстік Ирландия – Қазақстан 0:1;
Финляндия – Қазақстан 1:2.
Кешегі ойында деңіс сыйлаған екі голдың да авторы Бактиер Зайнутдинов 6 жыл ішінде 33 ойын өткізіп, 14 голмен рекордты жаңартты.
Бұған дейін Руслан Балтиев 13 жыл ішінде 73 ойын өткізіп, 13 гол соққан еді.
Бас бапкер Магомед Адиев ұлттық құрамамен 16 ойын өткізіп, ең көп жеңіс тіркеген алғашқы бапкер. Ол келгелі ұлттық құрама қарсыластардың қақпасына 9 гол салды. Бұған дейінгі рекорд Арно Пайперске тиесілі еді. Ол жетекшілік еткен жылдары ел құрамасы 33 ойында 7 мәрте қарсыласынан басым түскен.
Айта кетейік, өткізген 8 кездесудің нәтижесі бойынша жерлестеріміз 15 ұпаймен 3-орында тұр. Енді ел құрамасы Астанада 17 қарашада Сан-Мариномен, 21 қараша күні сырт алаңда Словениямен ойнайды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ