Елордалық спортшылар әлем кубогында жоғары нәтижеге жетті
23 қараша, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
19-23 қараша аралығында Беларусь Республикасында қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыста астаналық спортшылар жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 алтын, 2 қола жүлдеге ие болды.
Өзін-өзі қорғау бөлімінде 28-49 жас аралығында өнер көрсеткен, 105 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Мақсат Бекмұқанбетов чемпион атанды.
110 келі салмақ дәрежесіндегі Дәулет Темірханов қола жүлдеге ие болса, Арай Мусина жекпе-жек бөлімінде жүлделі үшінші орынға ие болды.
Ұқсас жаңалықтар