Елордалық «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымды жеңіспен бастады

Бүгін, 09:37
Айман Нығмет Айман Нығмет
views64
Елордалық «Барыс» хоккей клубы жаңа маусымды жеңіспен бастады
фото: Туризм және спорт министрлігі

Астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (КХЛ) жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін жеңіспен ашты, деп хабарлады Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Өз алаңындағы матчта «Барыс» овертаймда Челябинскінің «Тракторын» 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Астанада өткен кездесуді 10 мыңнан астам жанкүйер тамашалады.

Бұл жеңіс «Барыс» үшін маусымды жоғары көңіл-күймен бастауға мүмкіндік берді.