00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада велоспорттан жасөспірімдер арасындағы үздіктер анықталып жатыр

Елордада велоспорттан жасөспірімдер арасындағы үздіктер анықталып жатыр
Фото: ұйымдастырушыдан

Тас жолдағы велоспорттан  елорда төрінде 13-14 және 15-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің республикалық чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздің барлық өңірінен жиналған қатысушылар қаламыздың айналмалы жолдары мен бас мешіттің аумағында сынға түсуде. 

«Астана қаласында бірінші рет 7-14 шілде аралығында 13-14, 15-16 жас арасындағы тас жолдағы велоспорттан ұлдар және қыздар арасынан Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтіп жатыр. Бұл жарысқа еліміздің 17 облысы мен ірі қалаларымыздан  253 спортшы қатысуда. 

Тас жолдағы велоспорт жарысы бірнеше дисциплинаны қамтиды. Оның ішінде жеке жарыс, критериум топтық жарыс, командалық жарыс және топтық жарыс қамтылған. 

Өздеріңіз білетіндей, велошоссе елімізде ғана емес, шетелде де өте танымал. Александр Винокуров кезінде Лондон Олимпиадасында топ жарған. Алдағы Париж Олимпиадасында да қазіргі көшбасшымыз Алексей Луценко мен Евгений Федоров ел намысын қорғайды. 

Бұнымен жарысымыз тоқтап қалмайды. Бұйырса, 23-27 шілде күндері дәстүрге айналған «Юный целлинник» турнирге өтеді. Оған да республикадан бірнеше командалар қатысады деп күтілуде», — деді жарыс ұйымдастырушысы Азамат Сарбасов. 

Әзірше Астана қаласынан критериум сайысында Богдан Чернушка, Мұрат Куйтенов, топтық жарыстан Валерия Кузнецова, аралас жұптық бәсеке және командалық сайыстан ұлдар құрамасы чемпион атанды. Нәтижесінде Астана қаласы жалпы есепте топ жарды. 

Бірнеше күнге жалғасып жатқан бәсеке ертең 14 шілдеде мәресіне жетеді.