00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына жекелей сында қатысады

Дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасына жекелей сында қатысады
Фото: дереккөз

Қазақстандық дзюдошы Эсмигүл Куюлова Париж Олимпиадасында жекелей сында белдеседі. Бұл туралы федерацияның бас хатшысы Айбек Имашев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info

«Эсмигүл Куюлованың жекелей сында өнер көрсететіні расталды. Бұған дейін ол аралас командалық сайыста белдесуге жолдама алған болатын.

Енді оған тағы ұпайлар қосылып, Халықаралық дзюдо федерациясы Куюлованың 63 келіде жекелей сында күресетінін растады», - дейді Имашев ҚР ҰОК сайтына берген ресми сұхбатында. 

Еске сала кетейік, Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия ойындарының (2023) және Азия чемпионатының (2024) қола жүлдегері. 

Париж Олимпиадасында жалпы саны сегіз дзюдошы бақ сынайды.