00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды

22 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем чемпионаты басталды
фото: Елорда инфо

Астана қаласында алғаш рет джиу-джитсудан жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы әлем біріншілігі өтіп жатыр деп, хабарлады Elorda info.

Дүбірлі додаға әлемнің 42 елінен 1000-нан астам ең мықты деген боз кілем шеберлері жиналды. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан құрама командасынан 194 үздік спортшы ел намысын қорғайды. Жарыс барысында қатысушылар 16 жасқа дейін, 18 жасқа дейін және 21 жасқа дейінгі санаттарда жеңімпаздарды анықтайтын болады. 

Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Ербол Мырзабосынов, Халықаралық Джиу-джитсу федерациясының президенті Теодоропулос Панайотис, Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, ҚР Джиу-джитсу қауымдастығының президенті Қуат Сагиев қатысты. 

Жарыс барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы Ербол Мырзабосынов өз пікірін білдірді: 

Бүгінгі таңда джиу-джитсу спорт түрі елімізге келгенінен аз уақыт болса да, кейінгі екі жылда үлкен жетістіктерге жетті. Оған дәлел, Қазақстан джиу-джитсу спорты әлемдік деңгейде джиу-джитсу Халықаралық Федерациясының мәлімдемесі бойынша екінші орын деп табылуы. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш.  Әлем чемпионатын елордамыз Астана қаласында өткізу джиу-джитсу спортын республикамызда және халықаралық аренада дамытуға және кеңінен таратуға, спортшылардың кәсіби шеберлігі мен бәсекеге қабілеттігін арттыруға, халықты жүйелі түрде спортпен шұғылдануға тартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді. Барлық жарыс қатысушыларына сәттілік және соңына дейін жеңіске ұмтылуды тілеймін!»,- деді ол.

 Бүгінгі күні джиу-джитсу спорт түрімен елімізде 19 мыңнан астам адам шұғылданады. Жарыс 25 тамызда аяқталады.