00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дмитрий Попко АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы болды

26 ақпан, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дмитрий Попко АҚШ-та өткен турнирдің жеңімпазы болды
Фото: дереккөз

Попко жуырда Палм-Коуст қаласындағы дәл осындай жарыстың финалында А.Андрадені (7:5, 1:6, 7:5) ұтқан еді.

Бұл жолы эквадорлық спортшы матчты жақсы бастады – 6:3.

Андраде екінші сетте де 5:1 есебімен алға озды. Бұдан кейін Дмитрий қатарынан бес геймді алды. Содан кейін тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда Попко 2:0, 3:1 есебімен алға кеткенімен, басымдығын сақтай алмады – 3:3. Тағы бір брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізіп, матчқа доп бергенімен, сол мүмкіндігін пайдаланбады. Дегенмен ойынды брейкпен тәмамдай алды – 6:4.

Тартысты өткен финалдық бәсеке үш сағатқа созылды.

Осылайша, Дмитрий Попко АҚШ-тың Флорида штатында қатарынан үш жарыстың чемпионы болды.