Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатына кімдер қатысады


30 шілде мен 12 тамыз аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аталған байрақты бәсекені World Boxing ұйымы ұйымдастырып отыр.
Чемпионатқа қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды.
Ерлер командасын Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев бастап барса, қыздар құрамасына Елдос Сайдалин жетекшілік етеді.
Ерлер құрамасы (U22):
50 кг — Нұрзат Оңғарoв;
55 кг — Бексұлтан Боранбек;
60 кг — Нұрислам Қалдыбаев;
65 кг — Илья Калинин;
70 кг — Нұрбек Мұрсал;
75 кг — Аман Қонысбеков;
80 кг — Санжарәлі Бегалиев;
85 кг — Азатбек Жолдасхан;
90 кг — Темірлан Мұқатаев;
90+ кг — Нұрасыл Асылхан.
Қыздар құрамасы (U22):
48 кг — Гүлназ Бөрібаева;
51 кг — Томирис Мырзақұл;
54 кг — Элина Базарова;
57 кг — Виктория Байдукова;
60 кг — Әсем Таңатар;
65 кг — Аружан Жаңабаева;
70 кг — Бақыт Сейдіш;
75 кг — Шұғыла Нәлібай;
+80 кг — Әсел Тоқтасын.
Айта кетейік, бұған дейін IBA ұйымдастырған Шри-Ланкадағы халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 42 алтын медаль жеңіп алған болатын.
Бангкоктегі додада Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Жапония, Үндістан, Қытай және өзге де елдердің үздік жас боксшылары бақ сынайды деп күтілуде.



