00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Азия ойындары: Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Азия ойындары: Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді
Фото: Туризм және спорт министрлігінен

Бүгін Ханчжоудағы пара атлетикалық ауылда Қазақстанның мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

 

Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде IV Азия Пара ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Шараға Қазақстан құрамасының спортшылары мен спорт саласының мамандары қатысты.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарына аман-есен жетті. Біздің спортшылар классификациядан сәтті өтіп, өздерінің спорт классын растады. Спортшылардың классы паралимпиадалық спортта шешуші рөл атқарады, бұл барлық қатысушылар үшін әділ жарыстарды қамтамасыз етеді. Енді біздің алдымызда бағалы медальдар үшін қарқынды күрес тұр. Қарсыластарымыз осал емес. Осы Ханчжоу-2022 пара ойындарына еліміздің тарапынан спорттың 14 түрі бойынша 131 спортшы қатысады, бұл Қазақстанның Азия пара ойындары тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд. Алдыңғы ойындарға Қазақстаннан 9 спорт түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген болатын. Биылғы жылы одан да көп медальдар әкелеміз деп үміттенеміз, - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов.

Айта кетсек, IV Азия Пара ойындары 22-28 қазан аралығында Ханчжоу (ҚХР) қаласында өтеді. Жарысқа 22 спорт түрінен 43 мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысады. 

Бүгін Ханчжоуда еліміздің туы көтерілді. Өзге елде Қазақстанның туы желбіреп тұрғаны әрдайым қуантады. Еліміздің көк байрағын осылай биіктен желбіретуге бар күшімізді саламыз», - деді пара пауэрлифтигтен Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы Давид Дегтярев