Азия ойындары: Еншімізге екінші алтын бұйырды
Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ел құрамасының қоржыны екінші алтын жүлдемен толықты, деп хабарлады Elorda info.
10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында жерлесіміз 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Зухрамен бірге ақтық сынға дейін барған өзге спортшылар төмендегідей көрсеткішке жетті. Осы сайыста чемпионның туған сіңлісі Фатима Ирназарова 541 ұпай жинап күміс медаль иеленді.
Апалы-сіңлілі жерлестерімізбен бірге ақтық сынға дейін барған өзге спортшылар төмендегідей көрсеткішке жетті.
1. Зухра Ирназарова — 560 ұпай
2. Жие Ри (Солтүстік Корея) — 554 ұпай
3.Оксим Паек (Солтүстік Корея) — 551 ұпай
6.Фатима Ирназарова — 541 ұпай
7.Александра Садуақасова — 541 ұпай
Осылайша, Қазақстан Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында екінші алтын жүлдесін алды. Кеше жерлестеріміз нысана көздеуден скит бағдарламасы бойынша командалық сайыста топ жарған болатын.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ