00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті

19 қазан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисші Бельгиядағы турнирдің ширек финалына өтті
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Белгия) ATP 250 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 72-орында тұрған франциялық Грегуар Баррермен өткізді.

1 сағат 7 минутқа созылған матчта қарсыласынан 6:4, 6:2 есебімен Александр басым түсті. Бәсеке барысында Бублик 11 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 226-сатыдағы тағы бір франциялық, 20 жастағы Джованни Мпетчи Перрикармен кездеседі.