00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстандық спортшы үш халықаралық турнирде топ жарды

Қазақстандық спортшы үш халықаралық турнирде топ жарды
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық жасөспірім спортшы Жания Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде қатарынан екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жания Бекмұхамбетова Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender турнирінде 11 жасқа дейінгі жас санатында алтын медальға қол жеткізді.

Турнир аясында Жания Бекмұхамбетова венгриялық Сара Сонди, испаниялық Лора Уриа, украиналық Александра Бец, испаниялық Джулия Фернандес, Кармен Гомес және румыниялық Бьянка Томуды айқын басымдықпен жеңіп, финалда 3:0 және 3:1 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Айта кетейік, бұған дейін Жания Бекмұхамбетова осы турнирде 13 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста үшінші орын иеленіп, қола медальмен марапатталған болатын.

Сондай-ақ ол өткен аптада Словакия мен Мысырда өткен WTT Youth Contender турнирлерінде чемпион атанған еді.