00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық гимнаст Азия чемпионы атанды

18 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық гимнаст Азия чемпионы атанды
Фото: olympic.kz

Нариман Құрбанов Сингапурда өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 10-шы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық спортшы ат снарядындағы жаттығуда үздік шықты. Ал тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин еркін жаттығуда іріктеуден сүрінбей өтіп, финалда үздік екінші нəтижені көрсетті.

Қазір Қазақстан қоржынында 3 медаль бар.

Бірнеше күн бұрын Ұлттық құрама командалар арасындағы сайыста қола жүлдеге қол жеткізген. Жүлдегер атанған қазақстандық гимнастар күзде Бельгияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.