Қазақстан U20 құрамасы әлем чемпионатында үздік үштікке енді

Бүгін, 13:16
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views45
Қазақстан U20 құрамасы әлем чемпионатында үздік үштікке енді
Фото: olympic.kz

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Халықаралық додада отандық балуандар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

125 келі салмақта күрескен Едіге Қасымбек әлем чемпионы атанса, 92 келіде сынға түскен Камиль Куруглиев күміс медальға қол жеткізді. Ал 57 келідегі Нұрданат Айтанов, 74 келідегі Досжан Кұлғайып және 97 келіде өнер көрсеткен Самир Дурсунов қола жүлдегер атанды.

17-24 тамыз аралығында өтетін дүбірлі бәсекеде еркін күрес бәсекелері аяқталып, енді әйелдер күресі мен грек-рим күресінен жарыстар жалғасады.

Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты 1969 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында қазақстандық балуандар жалпы есепте 10 алтын, 27 күміс және 39 қола медаль жеңіп алды.