«Қайрат» - «Реал» матчына билеттер қашан сатыла бастайды

фото: freepik.com
ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында қойылған сұраққа жауап бере отырып, қазіргі уақытта «Қайрат» ФК-мен тікелей келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Билеттерді сату құқығы «Қайрат» ФК-ға тиесілі. Бүгінгі таңда біздегі ақпаратқа сәйкес, билеттер ойын өтетін күнге дейін 10 күн қалғанда сатыла бастайды. Яғни, егер матч 30-ы өтетін болса, билеттерді 20-нан бастап сатып алуға болады. Осы орайда, баршаңызды тексерілмеген дереккөздерге сенбеуге шақырамын. Билеттер тек «Қайрат» клубының сайтында немесе оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында сатылады», - деді спикер.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:37
Теннисші Заңғар Нұрланұлы «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалына шықты

Бүгін, 14:49
«Астана – есірткісіз қала»: елордада шорт-трек маусымы ашылды

Бүгін, 13:34
Ұлттық спорт түрлері олимпиадалық спорт түрлерімен қатар басымдыққа ие болды

Бүгін, 09:18
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары анықталды