Ауыр атлетика: Сайрамкез Ақмолда Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Ауыр атлетика: Сайрамкез Ақмолда Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Өзбекстанда ұйымдастырылып жатқан Азия чемпионатының үшінші күнінде 67 келідегі Сайрамкез Ақмолда қола жүлдеге ие болды.
Ерлер. 67 келі
1-орын. Ри Вон Джи (Солтүстік Корея) — 317 келі (137+180)
2-орын. Сайрамкез Ақмолда — 292 келі (126+175)
3-орын. Терават Ратфет (Таиланд) —286 келі (128+158)
22 жастағы спортшымыздың бұл ересектер арасындағы алғашқы жүлдесі.
Ересектер арасындағы көрсеткіштері:
2023 жыл. Гран-при. 67 келі. 4-орын. 294 келі
2023 жыл. Әлем чемпионаты. 67 келі. 12-орын. 280 келі.
2020 жыл. Азия чемпионаты. 73 келі. 6-орын. 310 келі.
Бұған дейін ол 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ