Ауыр атлетика: Кира Данилова Азия чемпионатында топ жарды

Фото: olympic.kz
Астанада жасөспірімдер мен жастар арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатының кезекті жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Турнир аясында 69 келіге дейінгі салмақта жасөспірім қыздар арасында сайыс өтті. Онда Қазақстан құрамасы екі бірдей медальға ие болды.
Қоссайыс нәтижесі бойынша 198 (87+111) келіні бағындырған Кира Данилова алтын медаль жеңіп алды. Софья Шальгина 175 (82+93) келі көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.
Екінші орын өзбекстандық Динура Холдороваға бұйырды – оның көрсеткіші 186 (81+105) келі болды.
Бұған дейін Едіге Емберді Азия чемпионатында рекорд жаңартып, топ жарған болатын.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
“3 минуттың ішінде 2 бірдей гол соқты”: ҚФФ ойынды сәтті бастады

10 қазан, 2025
Елімізде жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізімі бекітілді

10 қазан, 2025
Қазақстан су добынан Азия чемпионатының финалына жолдама алу үшін бақ сынайды

10 қазан, 2025
Жәнібек Әлімханұлы үш белбеу сарапқа салынатын жекпе-жекке қол қойды