00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға шықты

24 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Australian Open: Әмір Омарханов ширек финалға шықты
Фото: дереккөз

Әлемде жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұрған теннисшіміз алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Әмір Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүстіккореялық Чанджун Кимді қапы қалдырды.

Бірінші сетте қазақстандық спортшы 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды.

Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19 минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0.

Тартысты бәсеке бір жарым сағаттан астам уақытқа созылды.

Айта кетейік, Ә.Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландық Мес Ротгерингпен кездеседі.