Астаналық студент халықаралық турнирде топ жарды
20 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Еуразия ұлттық университетінің студенті Еркежан Ерланова Біріккен Араб Әмірліктерінде джиу-джитсудан өткен халықаралық UAE National PRO 2023 турнирінде чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Еркежанның салмақ дәрежесінде Колумбия, Грекия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Морокко елдерінің спортшылары өнер көрсетті.
Алғашқы кезеңде 32 жастағы Колумбия спортшысымен кездестім. Бес минут күресіп, 21:0 есебімен жеңіске жеттім. Ал екінші кездесуде Морокко елінің спортшысымен жекпе-жекке шықтым. Мұнда қылқындыру әдісін жүзеге асырдым. Финалдық белдесуде Camila Quintana деген спортшымен күрестім. Бойының ұзын болғаны маған біраз келеңсіздік тудырғанымен, 2 минут ішінде 8:0 есебімен кездесуді аяқтадым, - деп Еркежан өзінің әсерімен бөлісті.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады