Астанада панкратионнан халықаралық турнир өтті
Ауғанстанда қаза тапқан жауынгер-интернационалистерді еске алу мақсатында «Алатау» спорт кешенінде панкратионнан турнир өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Іс-шараның салтанатты ашылу сәті Ақмола облысы бойынша Ауғанстанда 20 жастарында қаза тапқан 17 жауынгерді аза тұтумен басталды.
Одан кейін аралас жекпе-жектен 10 дан иегері, Эрик Асеновтің ұйымдастыруымен Қазақстан мен Қырғызстанның жас споршылары арасында 10 салмақ бойынша жекпе-жектер ұйымдастырылды.
Атақты бапкер Эрик Асеновтің айтуы бойынша:
Панкратион – тек төбелес емес, ол бокс, каратэ, ушу-саньда, тай-бокс, таэквондо сынды спорттың жиынтығынан құралады.
Жасөспірімдердің өз-өзін қорғау және салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат ететін турнирдің соңында спортшылар мақтау қағазы, медальмен марапатталды.
Қанат БАЙҰЗАҚОВ