Астанада мәслихаттардың 30 жылдығына орай спорттық жарыстар өтеді
Биыл барлық деңгейдегі мәслихаттар 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жыл бойы елімізде осы маңызды датаға арналған мәдени және спорттық іс-шаралар өтіп жатыр, ал депутаттар игі бастамалардың ұйытқысы болуда. Сонымен қатар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу де жоспарланған. Мерейтой аясында бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ 7-8 қазан күндері «Sairan Arena» спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлер арасында шағын футболдан турнир өтеді. Іс-шара сағат 9:00-де басталады.
Жоғары оқу орындары студенттері арасындағы спартакиада 13 қазанда «Qazaqstan» СК мекенжайы бойынша (Тұран даңғылы, 59) өтеді.
Волейбол турнирі 19-20 қазанда «Sana Sport» спорт кешенінде өткізіледі.
Бұл спорттық жарыстар Астана қаласының мемлекеттік органдары қызметкерлері арасында командалық рухты нығайтуға, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Турнир жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Баршаңызды өз командаларыңызды қолдауға және іс-шараларға қатысуға шақырамыз. Қатысу шарттары мен ережелері туралы толық ақпаратты +7 700 963 6659 телефоны арқылы біле аласыздар, - деп жазды Е.Каналимов.