00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді

20 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада грэпплингтен Азия чемпионаты өтеді
Фото: qazgrappling.kz

Астанада 21-24 маусым аралығында ASIAN GRAPPLING CHAMPIONSHIPS 2023 жарысы өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Спорттық додаға Ауғанстан, Иран, Үндістан, Жапония, Қырғызстан, Палестина, Пәкістан, Филиппин, Катар, Сингапур, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның әлемнің мықтылары 168 салмақ дәрежелерінде бақтарын сынайды.

Чемпионатқа грэпплинг және грэпплинг ги санатында UWW ережесі бойынша 18 жасқа толған ересектер, 17-ге және 20 жасқа дейінгі жастар, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер және 35 жастан асқан ардагерлер қатысады.

Төрешілер деңгейі – ұлттық және халықаралық.

Азия чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі Beeline Arena ұлттық теннис орталығы (Тұран даңғылы, 4/2) 23 маусымда сағат 12.00-де өтеді.