00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жалауы көтерілді

28 мамыр, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада джиу-джитсудан халықаралық турнирдің жалауы көтерілді

Бүгін елордадағы «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығында джиу-джитсудан «AJP Tour Astana Regional Jiu-Jitsu Championship» xалықаралық турнирі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

дж2.jpg

Жарысқа 10 елден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Оңтүстік Корея, АҚШ, Бразилия, Өзбекстан, БАӘ) 700-ге жуық спортшы қатысып жатыр. 

дж1.jpg

Бүгін 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер күш сынасса, ертең ересектер шеберлік байқасады.