00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мурал ашылды

Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мурал ашылды
Фото-коллаж: Elordainfo.kz

Астанада Триатлон саябағындағы көпір маңын жаңадан салынған тағы бір жаңа мурал безендірді. Ол 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Муралдың биіктігі – 4 метр. Онда турнир кезінде жамбы атайын деп нысананы көздеп тұрған ер адам бейнеленген. Бұл сурет ұлттық ойындардың басталғанының, абырой мен даңқтың, көшпенділердің күші мен дәлдігінің символы.

«Жамбы ату» ұлттық спорт түрі, онда атпен шауып бара жатқан адам белгілі бір қашықтықта садақпен нысананы көздейді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл этникалық спорт түрлеріне арналған халықаралық спорттық жарыстар. Оларға мәдени мұра мен көшпелі өмір рухынан сыр шертетін Орталық Азияның көшпелі этностарының халықтық ойындары кіреді.

Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2 500-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Астанада өтетін көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.