00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Астана» Батыс Азия суперлигасының жартылай финалына шықты

14 маусым, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Астана» Батыс Азия суперлигасының жартылай финалына шықты

«Астана» баскетбол клубы клубтар арасындағы жаңа халықаралық жарыс – Батыс Азия суперлигасында (WASL) үшінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Топтық кезеңдегі үшінші ойында қазақстандық клуб «СК Кувейт» командасын 85:72 есебімен жеңді.

«Астана» бұған дейін «Шабаб Аль-Ахли» (БАӘ, 80:73) және «Шахрдари Горган» (Иран, 87:81) командасын жеңген.

Осылайша, «Астана» бірінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Дубайдағы жартылай финал 16 маусымда, шешуші кездесу 17 маусымда өтеді.

Батыс Азия суперлигасы. Топтық кезең.

«Астана» — «СК Кувейт» 85:72 (20:18, 28:19, 20:18, 17:17).

Айта кетейік, 8 команда әрқайсысы төрт командадан екі топқа бөлінген. Әр топтан үздік екі команда жартылай финалға шығады.