Artline Kazakhstan командасы Италиядағы автожарыста жоғары нәтиже көрсетті


Artline Kazakhstan командасы Италиядағы Misano автодромында өтіп жатқан GT2 European Series кезеңіне қатысып жатыр. Отандық шабандоздар демалыс күні таңертеңгі іріктеу кезеңінде табысты өнер көрсетіп, жарысты керемет нәтижемен бастады, деп хабарлайды Elordainfo.kz команданың дирекциясына сілтеме жасап.
Шота Абхазава Pro-Am класында бірінші орынды иеленді, ал Егор Оруджев өз жарысын үшінші орында аяқтады. Бұл команданың класта бірінші, ал жалпы есепте екінші орыннан жарысқа шығуына мүмкіндік берді.
«Бірінші жарыс өтіп, командамыз лайықты жеңіске қол жеткізді. Жарыстың басында рульге отырған Шота Абхазава Pro-Am класында сенімді көшбасшы болып, абсолюттік есепте екінші орында жетекшілік етті. Пит-стоптар кезінде рульді жарысшылар ауыстырды.
Жарыстың 30-минутында рульге Егор Оруджев отырды және өзінің жарты сағаттық бөлімін тамаша өткізді. Ол Pro-Am класында алда келе отырып, финалға 6 минут қалғанда AM класындағы Maserati тізгіндеген Philippe Prette атты жүргізушіге шабуыл жасап, жарыстың көшбасшысы атанды! Қалған бес айналым ішінде Егор екінші орыннан басымдығын 3,5 секундқа дейін арттырды», - делінген ресми хабарламада.
Осылайша, қазақстандық команда фантастикалық жеңіске қол жеткізді. Қазақстанның туы подиум үстінде желбіреп, еліміздің әнұраны енді Италиядағы Misano жарыс трассасында да шырқалды.
«Командамызды және қадірлі жанкүйерлерімізді осы жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз!», - деп жазылған дирекция ақпаратында.



