00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты

Алан Құрманғалиев Азия чемпионатының ширек финалына шықты
Фото: дереккөз

Үстел теннисінен Қазақстан командасының мүшесі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп жатқан Құрманғалиев 1/8 айналымда тайпейлік И Тен Ченді 4:2 есебімен жеңді. 

Оның келесі қарсыласы – қытайлық Жуйбо Вэн. 

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия біріншілігі Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатыр.