Ақмарал Науатбек Токиода Гран-при турнирінде чемпион атанды
4 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: Elordainfo.kz
Жапония астанасы Токиода парадзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінде астаналық Ақмарал Науатбек чемпион атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Ақмарал Науатбек J2 санаты бойынша 48 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Ол финалда Токио паралимпиадасының жеңімпазы, әзербайжандық Шахона Хаджиеваны таза ұтты.
Сондай-ақ Қазақстан қоржынына екі күміс, бір қола медаль түсті.
Даяна Федосова J2 санаты бойынша 57 келіге дейінгі салмақта финалда өзбекстандық Кусомхон Ходжаеваға есе жіберді.
Олжас Оразалыұлы 73 келіге дейінгі салмақта J2 санаты бойынша соңғы бәсекеде жапониялық Сето Хирокиге жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Тағы бір қазақстандық Ерғали Шамей J1 санаты бойынша 73 келіге дейінгі салмақта отандасы Асылан Нұрдәулетовтен айласын асырды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:36
Семсерлесу: Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды
Бүгін, 08:51
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда екі алтын жеңіп алды
24 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
24 қараша, 2024
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті