Астанада қазақ күресінен «Театр барысы – 2023» турнирі өтеді
Астанада халықаралық театр күніне арналған қазақ күресінен «Театр барысы – 2023» турнирі өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Турнирдің қолдаушысы – Астана қаласы әкімдігі.
Турнирдің ұйымдастырушысы – Астана қаласы Музыкалық жас көрермен театры. Жоба жетекшісі – Асылхан Төлепов "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Ерен еңбегі" медалінің иегері, 4 дүркін “Өнер барысы”.
Турнирдің басты мақсаты – еліміздің театрларында ұлттық спортты дамытып, қазақ күресін кеңінен дәріптеу;
Қазақстанның театр кеңістігіндегі актерлердің өнер мен спорттағы шығармашылық әрі әріптестік байланысын нығайту.
«Театр барысы – 2023» І республикалық турниріне қалалық, облыстық және республикалық театрлардың актерлері қатысады.
Турнир үш түрлі салмақ (66, 74, 90+) бойынша өтеді.
Төрешілер алқасы турнирдің жеңімпаздарын әрбір салмақ бойынша анықтайды:
1-орын: 250 000 тг;
2-орын: 150 000 тг;
3-орын: 100 000 тг.
Сондай-ақ 3 арнайы жүлде болады.
Турнир бүгін Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында (Қабанбай батыр көшесі, 43) сағат 16.00-де басталады.