00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

150 оқушы голболдан республикалық жарысқа қатысады

150 оқушы голболдан республикалық жарысқа қатысады

25-31 наурыз аралығында ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында голболдан «Сылдырмалы доп» республикалық жарысы өтеді. Бұл туралы Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Республикалық жарыс спортты насихаттау және дамыту, мектеп жасындағы балаларды голбол сабақтарына тарту, сондай-ақ, голболдан ұлттық құраманың резервін қалытастыру үшін талантты ойыншыларды анықтауды көздейді, – дейді Спорттық іс-шаралар, статистика және аналитика бөлімінің басшысы Мира Мухамадиева.

Спорттық жарыс жеті күн бойы өтеді, «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша мықтылар анықталады. Жүлделі орындарға ие болған команда мен жаттықтырушылар кубок, диплом және медальдармен марапатталады.