Қазақстандық параатлет Дубайдағы Гран-при әлемдік сериясының чемпионы атанды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясында F-46 классында ядро лақтырудан сынға түскен қазақстандық Равиль Мансурбаев жеңіске жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Ол ядроны 14,43 метрге лақтырып, бірінші орыннан көрінді. Ал қытайлық қарсыласы Уей Енлонг 14,28 м нәтижесімен екінші орынды иеленсе, 13,39 м нәтижесімен кувейттік спортшы Алсалах Абдуллах үшінші орынға тұрақтады.
Жарыста қазақстандық спортшылар осымен 3-ші медальді иеленді. Бұдан бұрын, найза лақтырудан Руфат Хабибуллин алтын медальді жеңіп алса, ядро лақтырудан Дастан Мұқашбеков Гран-придің күміс жүлдегері атанған болатын.
Айта кетсек, пара жеңіл атлетикадан әлемдік Гран-при сериясы Дубай қаласында өтті. Жарысқа әлемнің 61 мемлекетінен 545 спортшы қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:36
Семсерлесу: Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды
Бүгін, 08:51
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда екі алтын жеңіп алды
24 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
24 қараша, 2024
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті