Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі орны белгілі болды
Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандық боксшылардың рейтингтегі орны мынадай:
Аса ауыр салмақта қазақстандық боксшы Иван Дычко 15-орында тұр. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик.
Бірінші ауыр салмақта төртінші орында тұрған Қамшыбек Қоңқабаев рейтингтен шығып қалды, Серік Мұсәділов 15-орынға тұрақтады. Бұл салмақта чемпион – франциялық Арсен Гуламирян.
Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы супер чемпион – мексикалық Сауль Альварес.
Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин. Уақытша чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.
Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев сәйкесінше 12 және 13-орындарды сақтап қалды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.
Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта бір саты төмендеп, алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпион – өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев.