«Ұялмайсың ба?»: Серік Сәпиев турнирде балуанмен төбелесіп қала жаздады (ВИДЕО)
Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өткен турнирде қарсыласымен төбелесіп қала жаздады, деп хабарлады Elorda.info Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Алматыда өтіп жатқан Naiza 49 турниріндегі Batyrball ойынында болды.
Эпизодтардың бірінде "Север-Юг" командасының мүшесі, бұрынғы боксшы Сәпиевке қарсы күрес қимылын жасап, шағын төбелес басталып, ол тез арада ажыратылды.
Алайда, кейінірек матч біткен соң тараптар киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірімен қол алысқанда, төбелес қайта басталып кете жаздады.
Сен маған "Олай жасама" дейсің. Мен де қызуқандымын! - деді Сәпиев.
Осыдан кейін балуанның жаттықтырушысы ортаға түсіп, Сәпиевке:
Мен оның жеке жаттықтырушысымын. Сен бұл ережелерге өзің келістің емес пе? Сен білдей бір Олимпиада чемпионысың, жас баланы ұрып тұрсың! Ұялмайсың ба? Қандай үлгі беріп жатырсың?, – дейді.
Нәтижесінде Сәпиев пен балуан қол алысып, тарап кетті.