«Странджа» турнирі: Қамшыбек Қоңқабаев өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасады
Болгария астанасы Софияда бокстан 74-кезекті «Странджа» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
23 ақпанда рингке Қазақстанның сегіз өкілі шығады – төртеуі күндізгі (Астана уақытымен 17:00-де басталады) және кешкі сессияда (22:00-де басталуы) өнер көрсетеді.
2020 жылы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен Токио Олимпиадасының чемпионы өзбекстандық Баходир Жалолов кездеседі.
Қазақстандық боксшылар қатысатын жекпе-жектер:
Күндізгі сессия:
51 келіге дейін Кенже Мұратұлы – Бишвамитра Чонгтам (Үндістан) – 1/8 финал;
57 келіге дейін Оразбек Асылқұлов – Луис Оливейра (Бразилия) – 1/8 финал;
80 келіге дейін Бекзад Нұрдәулетов – Артем Агеев (Сербия) – 1/8 финал;
92 келіге дейін Абзал Құттыбеков – Артем Джорданян (Грузия) - 1/8 финал.
Кешкі сессия:
48 келіге дейін Ернұр Қайрат – Лука Кублашвили (Грузия) - 1/4 финал;
67 келіге дейін Темірхан Тезек – Бехзод Хамидов (Өзбекстан) - 1/4 финал;
86 келіге дейін Бекзат Таңатар – Шохжахон Абдуллаев (Өзбекстан) - 1/4 финал;
92 келіден жоғары Қамшыбек Қоңқабаев – Баходир Жалолов (Өзбекстан) - 1/4 финал.
Софиядан тікелей трансляция Болгария бокс федерациясының Youtube-арналарында көрсетіледі – СІЛТЕМЕ 1, СІЛТЕМЕ 2.