00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінде Болгариямен кездеседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан құрамасы Дэвис кубогінде Болгариямен кездеседі

Дэвис кубогі бірінші әлемдік тобы матчтарының жеребесі тартылды, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық ерлер құрамасы сырт алаңда Болгариямен кездеседі. Осыған дейін қос құраманың жолдары тоқайласқан жоқ.

Матч 16-17 немесе 17-18 қыркүйек күндері өтеді. Болгарияны жеңген жағдайда Қазақстан командасы 2024 жылдың ақпанында командалық әлем чемпионатының іріктеу матчында ойнайды.

Биыл 4-5 ақпанда Юрий Щукиннің шәкірттері Дэвис кубогінің іріктеу сайысында Ла Серена қаласында Чили құрамасына жол берген болатын.