00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

АҚШ боксшылары Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
АҚШ боксшылары Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

АҚШ бокс федерациясының басшылығы Ресей мен Беларусь өкілдері келетін болғандықтан, ерлер мен әйелдер арасындағы 2023 жылғы әлем чемпионатына қатысудан бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Zakon.kz-тің жазуынша, бұл бойкотқа Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) Ресей мен Беларусь боксшыларына өз туы астында өнер көрсетуіне рұқсат беруі себеп болып отыр. Америка бокс федерациясының басшысы Майк Макэйти ресми хатында Халықаралық бокс қауымдастығының халықаралық ережелер мен fair-play қағидаттарына сәйкес келмейтін талаптарын атап көрсетті.

Алты ай бұрын Халықаралық бокс қауымдастығы саяси бейтарап ұйым болып қала беретінін атап өтіп, Ресей мен Беларусь боксшыларын халықаралық жарыстардан шеттету туралы шешімнің күшін жойды.

2023 жылғы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Өзбекстанда 1-14 мамыр аралығында өтеді. Әйелдер наурыздың 15-і мен 31-і аралығында Үндістанда өтетін әлем чемпионатының жүлделерін сарапқа салады.