00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бокстан Азия чемпионатының финалдық кездесулерін қайдан көруге болады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бокстан Азия чемпионатының финалдық кездесулерін қайдан көруге болады

Бүгін Таиланд астанасы Бангкок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектері өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Құрлық біріншілігінің ақтық сынында алты қазақстандық боксшы бақ сынайды:

1-жұп. 48 кг дейін Санжар Ташкенбай (Қазақстан) – Шодиер Меликузиев (Өзбекстан);

3-жұп. 54 кг дейін Флинт Джара (Филиппин) – Нұрсұлтан Алтынбек (Қазақстан);

4-жұп. 57 кг дейін. Саравут Суктхет (Таиланд) – Махмуд Сабырхан (Қазақстан);

7-жұп. 67 келіге дейін Бекзод Хамидов (Өзбекстан) – Абзал Серік (Қазақстан);

8-жұп. 71 келіге дейін Нурислом Исмаилов (Өзбекстан) – Сабыржан Аққалықов (Қазақстан);

9-жұп. 75 кг дейін. Диас Молжігітов (Қазақстан) – Алахон Абдуллаев (Өзбекстан).

Финалдық кездесулердің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.