00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Парашаңғышы Ербол Хамитов әлем чемпионы атанды

Парашаңғы бойынша спринттік жарыста бақ сынаған отандасымыз Ербол Хамитов топ жарды, деп хабарлады Elorda.info.

Ол спринтты 2:44:23 уақытта бағындырды.

Жарыста мәреге екінші болып украиналық спортшы Тарас Рад келсе, үшінші орынға бразилиялық спортшы Кристиан Вестмаер Рибейра ие болды.

Естеріңізге сала кетейік, Ербол Хамитов бұған дейін 7,5 шақырым қашықтықта қола жүлдегер атанған еді.

Парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионаты Швецияның Эстерсунд қаласында өтуде. Жарыста 18 мемлекеттен 102 спортшы өнер көрсетуде.