00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Универсиада – 2023: Қазақстан құрамасының қоржыны 2 күміс медальмен толықты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Универсиада – 2023: Қазақстан құрамасының қоржыны 2 күміс медальмен толықты

Лейк-Плэсидтегі Универсиада-2023 ойындарында қазақстандық спортшылар 2 күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.

Алдымен шаңғымен трамплиннен секіруден Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орын алды. Құрамында Данил Васильев пен Сергей Ткаченко бар Қазақстан құрамасы екі турда 470.3 ұпай жинады.

Универсиада-2023. Трамплиннен секіру. Ерлер

1. Аустрия – 470.5

2. Қазақстан – 470.3

3. Жапония – 452.9.

...7. Қазақстан (II) – 381.7

Сондай-ақ шорт-тректен Қазақстан құрамасы Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасы (Яна Хан, Малика Ермек, Алина Әжғалиева, Әлішер Әбілқатимов, Әділ Ғалиахметов және Еркебұлан Шамуханов) аралас эстафетада 2:47,757 нәтиже көрсетті.

Универсиада-2023. Аралас эстафета.

1. Франция - 2:50.946

2. Қазақстан - 2:47.757

3. Жапония - 2:48.561.