00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барыс» «Авангардтан» жеңіліп қалды

31 наурыз, 2023
Айман Нығмет Айман Нығмет
«Барыс» «Авангардтан» жеңіліп қалды

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын кеше елордада «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Екі команда биылғы турнирде үш мәрте кездесіп үлгерді. Оның екеуінде ресейлік клубтың мерейі үстем болды. Кездесу барысында командалар бір-бірінің қақпасынан саңылау табуға тырысты. Бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Ойын нәтижесінде елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 24 желтоқсанда елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.