00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық паратаеквондошылар әлемнің финалдық Гран-приінде жүлдегер атанды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық паратаеквондошылар әлемнің финалдық Гран-приінде жүлдегер атанды

Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) паратаеквондодан әлемдік Гран-придің финалдық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық паратаеквондошы Нұрлан Домбаев – 80 кг салмақта және Нышан Өмірәлі +80 кг салмақта қола медальді жеңіп алды. Спортшылар К-44 классында өнер көрсетті. 

Биылғы финалдық Гран-приге әлемнің мықты спортшылары жиналды. Себебі бұл G10 – дәрежесіндегі рейтингтік жарыс. Осындай дәрежедегі жарыста орын алу үлкен жетістік. Қазіргі таңда Нұрлан Домбаев әлемдік рейтингте 1-орында тұрса, Нышан Өмірәлі 6-орыннан 4-орынға көтерілді, - деді Паратаеквондодан бас жаттықтырушы Нұржан Есілбаев.