00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барыс» бүгін «Спартакқа» қарсы ойнайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» бүгін «Спартакқа» қарсы ойнайды

Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өз айдынындағы қорытынды матчын өткізеді, деп хабарлады Elorda.info.

Андрей Скабелка жаттықтыратын «Барыс» өз айдынында кейінгі матчта жеңіліс тапты. Ал «Спартак» керісінше кейінгі екі ойында жеңімпаз болды.

Бүгінгі кездесу Астана уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.