Шорт-тректен әлем кубогі кезеңдеріне Қазақстаннан кімдер қатысады
Алматы қаласында 9-11 және 16-18 желтоқсан күндері шорт-тректен әлем кубогінің ІІІ және IV кезеңдері өтеді, деп хабарлады Elorda.info Skating.kz-ке сілтеме жасап.
Халықаралық конькишілер одағы (ISU) өкілдерінің биылғы шілде айында жасаған инспекциялық сапарының нәтижесі бойынша Қазақстан Ұлттық конькишілер федерациясы әлем кубогінің қос бірдей кезеңін өткізуге мүмкіндік алды.
Бұл екі жарысқа әлемнің 30 елінен 250-дей шорттрекші қатысады.
Алматыдағы «Халық Арена» мұз сарайында өтетін айтулы додада Олимпиада және Азия ойындарының, әлем чемпионаты мен кубогінің жеңімпаздар-жүлдегерлері бақ сынайды.
Қазақстаннан мына спортшылар қатысады:
Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Санжар Жанисов.
Әйелдер: Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Анастасия Астраханцева, Алина Әжіғалиева, Алёна Волковицкая.
Алматы турнирлерінен кейін шорттрекшілер Дрезденге (Германия) аттанады. Әлем кубогінің қорытынды, шешуші кезеңі Дордрехт (Нидерланд) қаласында өтеді.