00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барыс» өз айдынында «Витязь» командасын қабылдайды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» өз айдынында «Витязь» командасын қабылдайды

Астаналық «Барыс» бүгін «Витязь» командасына қарсы ойнайды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл кездесумен елордалық клуб өз айдынындағы үш матчтық серияны аяқтайды. Кейінгі кездесулерде «Барыс» «Сибирьді» жеңіп (3:1),  «Адмиралға» есе жіберген (1:4). «Витязь» қазіргі сырт айдындағы кездесулерінде «Тракторды» жеңіп (5:2), «Авангардтан» (1:3) жеңіліп қалған болатын.

Биылғы маусымда «Барыс» «Витязьбен» кездесу өткізген – Андрей Скабелканың шәкірттері Балашихада 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Барыс» - «Витязь» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:20-да басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.