Криштиану Роналдуға ірі көлемде айыппұл салынады
Әлем футболының жұлдызы Криштиану Роналдуға «Тоттенхэмге» қарсы матчтағы мінез-құлқы үшін айыппұл салынады, деп хабарлады Elorda.info Sports.ru сайтына сілтеме жасап.
Talksport ұсынған ақпаратқа сәйкес, «Манчестер Юнайтед» шабуылшыға 720 мың фунт (шамамен 381 миллион теңге) айыппұл салады. Бұл Криштиану Роналдудың екі аптадағы жалақысы.
Айта кетейік, Англия біріншілігінің өткен турында әлем футболының жұлдызы қатысқан жоқ.
Португалия шабуылшысы қосалқы құрамда болғанымен, «Манчестер Юнайтед» бас бапкері Эрик Тен Ханг оны алаңға шығармады.
90-минутта Роналду матч аяқталмастан, киіну бөлмесіне қарай кетіп қалды. Оның бұл әрекеті әлеуметтік желіде көптің талқысына түсті.
Олардың бір бөлігі шабуылшының әрекетін әріптестеріне және клубқа деген құрметсіздік деп бағаласа, екінші тарап Роналдуды ақтауға тырысқан.
Еске сала кетейік, бұған дейін шабуылшының «Манчестер Юнайтедтің» негізгі құрамымен жаттығудан шеттетілгенін хабарлаған едік. Сонымен қатар Роналду 22 қазан күні өтені «Челсиге» қарсы матчқа қатыспайды.