GGG-дің келесі қарсыласы белгілі болды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Британдық боксшы Крис Юбэнк кіші (32-2, 23 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шығуды көздеп отыр, деп хабарлады Elorda.info.
Sports.kz сайтының жазуынша, журналистердің бірі Юбэнкке блиц форматында қарсыласын қысқаша сипаттауды ұсынған, ал британдық спортшы Головкинді атаған.
GGG – менің келесі қарсыласым, – деді ол.
Оқи отырыңыз: Головкинге рингке шығуға тыйым салынды
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкиннің соңғы жекпе-жегі қыркүйек айының ортасында өтті. Ол мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңіліп қалды.
Ал Крис Юбэнк ақпан айында рингке шығып, жерлесі Лиам Уильямсты жеңді (23-4-1, 18 КО).
Ұқсас жаңалықтар