00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ертең Қанат Ислам жекпе-жек өткізеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ертең Қанат Ислам жекпе-жек өткізеді

АҚШ-тың Флорида штатында 8 қазан таңертең қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам аргентиналық Хавьер Франсиско Масьелмен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қанат кәсіпқой рингте 29 жекпе-жек өткізіп, оның біреуінде ғана жеңілсе, Масьел 51 кездесудің 17-сінде жеңілген.

Бокс кеші Астана уақытымен таңғы 07:00-де басталады. Қанат Исламның жекпе-жегі жеті раундқа жоспарланған.

Еске салайық, Қанат Ислам рингке соңғы рет биыл ақпан айында шыққан еді. Ол кезде қазақстандық спортшы дәл осы Флорида штатында британ боксшысы Джимми Келлиден жеңілген болатын.