00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Astana Open ATP 500: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Astana Open ATP 500: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлады Elorda.info

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 10-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен ойнады.

Бірінші партия басында Х.Хуркач брейкпен алға кетті. Содан кейін басымдылығын сақтап қалды – 6:4. Екінші сетте де Хуберт брейкпен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Хуркач жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен таласады.