Головкин мен «Канело» жекпе-жек алдында салмақ өлшеді
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлады Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Головкиннің таразыдағы салмағы 167,8 фунта (76,11 килограмм), ал «Канело» — 167,4 фунт (75,93 килограмм) болды. Осылайша, екі боксшы да суперорта салмаққа белгіленген, яғни168 фунт (76,2 килограмм) лимиттен сәтті өтті.
Головкин-Альварес жекпе-жегі 18 қыркүйек күні (Астана уақытымен) Лас-Вегастың (США) T-Mobile Arena кешенінде өтеді.
Қазақстандықтар бокс кешін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады. Басталуы – 18 қыркүйек, сағат 05:00. Басты айқас шамамен 08.00-де.
GGG мен «Канело»-ның 2017 жылы өткен алғашқы айқасы төрешілердің түрлі дауысымен тең аяқталған еді. 2018 жылы болған рематч төрешілердің басым дауысымен Альварестің пайдасына шешілді. Трилогия суперорта салмақта (бірінші және екінші кездесулер орта салмақта өткен болатын) өтеді. Қазір бұл санаттағы барлық чемпиондық титул «Канелоға» тиесілі. Ал Головкиннің еншісінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы белдіктер бар.